2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА №15 СҮЛЕЙМЕН КАРАБАЛИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫНА ЖҮРГІЗГЕН МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 ақпан 2020 жыл
№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шаралар аясында интернет ресурстарына тамақтану туралы ақпараттық материал жариялау, «Мектептік тамақтану» айдарын ашу жұмыстары жүргізілді.
Асхана ішінде және асхана дәлізінде бақылау камерасы орнатылған, камералар толығымен жұмыс жасап тұр.Мектеп асхана ішінде ас мәзірі салынатын, әлеуметтік аз қамтылған оқушылар туралы мәлімет,тамақтану алдындағы тазалықты сақтау қабырға стенділерімен жабдықталған.Асхана толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төмендегідей құрамда құрылды.
Комиссия төрайымы - мектеп директоры Бөлекбаева Ұ.Қ,
Комиссия мүшелері: Мектептің тәрбие ісі меңгерушісі -Жолдыбаева Ш.Б
Әлеуметтік педагог - Таубаева І.С
Мектеп мейірбикесі – Тоғысова Б.Қ
Ата-аналар комитетінің төрайымы–Кетеева А.
Тағамдардың дәмді тағайындалуын, оқушылардың, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиеналық тазалықтарына және асхана тазалықтарын мектеп медбикесі Б.Тоғысова үнемі бақылап отыр.











