Хабарландыру

  1. 1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің» №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға мына пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды:

1.Бастауыш сынып мұғалімі-1 (негізгі педагогтер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңі 03.10.2022ж -09.02.2023ж дейін,негізгі қызметкер белгіленген мерзімінен бұрын шығуға құқылы)

2.Тәрбиеші-1(тұрақты)

2.Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес.

  1. Лауазымдық жалақымөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес белгіленеді .

   Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2022 жылдың 14.11-22.11  аралығында қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы                    21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»  № 57 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    Көрсетілген міндетті құжаттардың  біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

    Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.

   Құжаттар №15 Сүлеймен Карабалин атындағы    жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.  Байланыс телефондары:

8(71237)5-70-59

8(71237)5-63-43

Мектептің электронды почтасы:15.mektep @mail.ru

Мекен-жайымыз:Құлсары қаласы,А.Қорғанбаев көшесі 50, «№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ